Жаңалықтар

Дональд Трамп Нобель сыйлығына ұсынылды

Оны Эстония парламентінің мүшесі Яак Мэдисон ұсынды

Эстония парламентінің мүшесі Яак Мэдисон АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трампты Нобель сыйлығына ұсынды. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.

Саясаткер Трамптың кандидатурасын соңғы 30 жылда ел басқару қызметі кезінде соғыс бастамаған АҚШ-тың тұңғыш президенті екеніне байланысты ұсынғанын түсіндірді.

  «Сонымен қатар, оның басшылығымен Таяу Шығыста бірқатар бейбітшілік туралы келісімдерге қол қойылды, бұл аймақтағы тұрақтылық пен бейбітшілікті қамтамасыз етуге көмектесті. Біз Нобель сыйлығын кім алатындығын көреміз», – деп жазды Мадисон Facebook-те.

Ол Трампты Нобель сыйлығына ұсынатын жалғыз өзі емес екенін атап өтті.

 «Бірақ, біз білетіндей, үміткерлер қаншалықты көп болса, жетістікке жету мүмкіндігі соғұрлым жоғары болады», – деді Мэдисон.

Нобель сыйлығы 1901 жылдан бастап Ослода жыл сайын беріледі. Нобель қорының жарғысына сәйкес кандидаттарды әр түрлі елдердің ұлттық парламенттері мен үкіметтерінің мүшелері, халықаралық соттардың мүшелері, университет ректорлары, Норвегия Нобель комитетінің қазіргі және бұрынғы мүшелері мен кеңесшілері ұсына алады.