Біржолғы зейнетақы төлемін алуға өтініш қанша күн қаралады?
Жарияланды
5 жұмыс күні ішінде БЗТ сомасын өтініш берушінің арнайы шотына аударады
Біржолғы зейнетақы төлемін алуға өтініш қанша күн қаралады? Бұл туралы БЖЗҚ АҚ баспасөз қызметі хабарлады.
БЗТ-не өтінішті уәкілетті оператор қабылдайды және өтінішті қарағаннан кейін 2 жұмыс күні ішінде БЖЗҚ-ға электрондық хабарлама жібереді.
БЖЗҚ уәкілетті оператордан электрондық хабарлама алған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде БЗТ сомасын өтініш берушінің арнайы шотына аударады.