Доллар қор биржасында 439,80 теңгеге дейін арзандады

Жарияланды 29 Қыркүйек 2026 12:00

Нұрсұлтан Ерболатұлы

Нұрсұлтан Ерболатұлы

Business news бөлімінің аға журналисі nursultankaseke@gmail.com
Доллар тағы арзандап жатыр / Фото: Kursiv Media

29 қыркүйекте теңгенің долларға қатысты бағамы нығайып, KASE-де АҚШ валютасының бағасы 440 теңгеден төмендеді, деп хабарлайды Kursiv Media.

Биржа платформасындағы сағат 11:28-де жаңартылған дерек бойынша, USDKZT_TOM құралындағы соңғы мәміле 439,80 теңгеден жасалған.

АЛМАТЫДАҒЫ БАҒАМ

Валюта айырбастау бағамы

Онлайн
Валюта Сатып алу Сату
$ USD АҚШ доллары
439,3 ₸
441,9 ₸
€ EUR Еуро
500,5 ₸
504,5 ₸
₽ RUB Ресей рублі
4,95 ₸
5,07 ₸
¥ CNY Қытай юані
65,9 ₸
68,3 ₸
НАРЫҚТАҒЫ БАҒАМ

Биржадағы доллар бағамы

USD/KZT
USD/KZT · нарықтағы соңғы қолжетімді баға
Инфографика: Нұрсұлтан Ерболатұлы

Осы уақытқа дейін доллармен жасалған сауда көлемі $128,1 млн-ға жетті. Бір күндік саудада АҚШ валютасының ең төменгі бағасы 438,25 теңге, ең жоғарысы 440,33 теңге болды. Долларды сатуға қойылған ең жақсы ұсыныс 439,99 теңгені құрады.

Өткен аптада доллар бірден 8 теңгеге арзандаған болатын.

Сондай-ақ оқыңыз