Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының ішкі қауіпсіздік қызметі белгілі бір уақыт ішінде бірлескен іс-шаралар жүргізді. Бұл туралы Жоғарғы Соттың баспасөз қызметі хабарлады.
«Нәтижесінде, а.ж. 11 ақпанда Нұр-Сұлтан қаласында ірі көлемдегі ақшаны алу кезінде Жоғарғы Сот судьясы ұсталды»,-делінген хабарламада.
Қаражат оның Жоғары Сот Кеңесінде жұмыс істеген кезінде Түркістан облысы аудандық сотының судьясын басқа сотқа ауыстыруға жәрдем көрсеткені үшін берілген.
Осы уақытта Түркістан қаласында ақшаны беріп жіберген аудандық соттың судьясы ұсталды.