Қарағанды облысының аумағында 2021 жылдың 28 ақпандағы № 5 қаулысына сәйкес шектеу шараларына жеңілдіктер енгізілді. Бұл ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК жұмысы туралы шұғыл ресми Telegram каналы хабарлады.
Мәселен, 2021 жылдың 1 наурызынан бастап:
– цирктердің, бильярд клубтарының, балалардың ойын-сауық орталықтарының жұмысы 30%-ға дейінгі толтырылуыммен жұмыс істеуге рұқсат етілді;
– «жұма намазы» мен ас беру рәсіміндерін 30% -ға дейінгі толтырылуыммен өткізуге рұқсат берілді;
– көрермендермен 20%-ға дейін ғана толтырылуыммен спорттық іс-шараларды өткізуге рұқсат етілді.
Оқушылар оқуын келесі тәртіппен жалғастырады:
– дәстүрлі форматта 300 оқушыға дейін, 15 адамға дейін қалалық және ауылдық мектептерде оқыту;
– 2021 жылғы 1 наурыздан бастап жалпы білім беретін мектептерде 1-5 (7) сыныптарды қоса алғанда және бітіруші сыныптар үшін аралас оқыту енгізіледі;
– білім беру мекемесі әкімшілігінің шешімі бойынша сабақтан тыс уақытта 15 адамнан аспайтын топтарда оқушыларды жеке оқыту рұқсат етіледі.
Колледждер мен жоғары оқу орындарының I курс студенттеріне штаттық оқуға рұқсат етіледі.
Барлық жұмыстары қайта жаңғыртылатын объектілерде әлеуметтік қашықтықты, бетперде режимін, термометрияны, күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді қатаң сақтауды қамтамасыз етілуі қажет.