Қарағанды қаласының 15-ықшам ауданында орналасқан үйлердің бірінің дәлізінен көрпеге оралған екі айлық қыз бала табылды, көкек ана іздестірілуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Октябрь полиция бөлімінің кезекші бөліміне 15-ықшам ауданда орналасқан үйлердің бірінің дәлізіне белгісіз біреудің көрпеге оралған екі айлық қыз баланы тастап кеткендігі туралы хабарлама түсті.
Оқиға орнына жедел жәрдем қызметкерлері шақырылды. Бала ауруханаға жеткізілді. Аталған факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 119-бабының 1-тармағына (Қауіпті жағдайда қалдыру) сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды. Полиция қызметкерлері баланың анасын анықтау бойынша жұмыстар жүргізуде.