Ресурстар

Мемлекеттік білім беру ұйымдарына педагогтар конкурс арқылы қабылданады

Сенат депутаттары бірнеше маңызды заң жобасын мақұлдады

Сенат депутаттары бірнеше маңызды жаңа нормаларды қамтитын заң жобасын қарастырып, мақұлдады. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Енді мемлекеттік білім беру ұйымдарына педагогтарды конкурс арқылы қабылдау енгізіледі. Яғни мұғалімді жұмысқа қабылдауға қатысты шешім тек директорларға тәуелді болмайды. Бұл жұмыс цифрлық технологиялардың көмегімен автоматтандырылады.

Сәйкесінше педагогті жұмысқа қабылдау туралы шешімді бір ғана адам емес, көпшілік қабылдайтын болады. Педагогтардың кәсібилігіне және барлық талапқа сай болуына ден қойылады.

Мемлекеттік білім беру ұйымдарының басшыларын ротациялау енгізіледі. Басшылардың жылдар бойы бір лауазымда отыруының өз артықшылықтары да бар, кемшіліктері де көрініс тауып жатады.

Жалпы басшыларды орындарымен ауыстыру үздік тәжірибені басқа да ұйымдарға енгізуге ықпал етеді. Әрине, бұл тұрғыда ротациялаудың нақты тәртібі бекітіледі.