Алаяқтар азаматтарды алдаудың жаңа схемаларын ойлап табуда

Жарияланды
Жеке қауіпсіздігіңіз – өз қолыңызда

Бүгінгі таңда өзекті проблемаға айналған бірнеше алаяқтық оқиғаларын, сондай-ақ сіздің ақшаңызды қорғауға көмектесетін қарапайым мінез-құлық ережелерін қарастырайық. Бұл туралы fingramota.kz сайты хабарлады.

Жалған сатып алушылар өз құрбандарына телефон соғып, тауарды сатып алғысы келетіндерін және алдын ала төлем енгізуге әзір екендіктерін айтады. Бұл ретте, алаяқтар өздерін бухгалтерлер немесе фирмалардың директорларымыз деп таныстырып, ЖСН, картаңызбен байланыстырылған телефон нөмірін, банктік картаның нөмірін, ағымдағы және жинақ шотының нөмірлері сияқты деректемелерді атауды сұрайды. Сатып алушы деректемелерді атаған кезде олар ақша аударымын нақтылау үшін оның нөміріне жіберілген SMS-хабармен келген кодты айтып беруді сұрайды. Кодты аласымен алаяқтар клиенттің интернет-банкингдегі телефон нөмірін ауыстырады да шоттардан ақшаны шығарып алады. Әсіресе, бұл интернет-сауда алаңдарында жиі кездеседі, себебі онда сатушы мен сатып алушының арасындағы қарым-қатынасты ешкім реттемейді.

 Сондықтан, мұндай ресурстарда кез келген операция жасаған кезде бірнеше қағиданы еске сақтау қажет:

Ешбір жағдайда бейтаныс адамдарға жеке басты куәландыратын құжаттардың көшірмелерін қоса алғанда, өзіңіздің дербес деректеріңізді жібермеңіз;

Ешқашан төлем картасының деректемелерін: 16-таңбалы нөмірді, ұстаушының атын, қолданыс мерзімін, CVV/CVC-кодты (картаның артқы жағындағы үш таңбалы нөмірді)
Операцияларды авторизациялау және растау үшін ешкімге SMS-кодтарды, оның ішінде банк қызметкерлеріне хабарламаңыз;

Банктік карталарыңызды үшінші тұлғаларға (тіпті туыстарыңызға), соның ішінде кафелер мен мейрамханаларда төлем жасау үшін бермеңіз;

Карта жоғалған жағдайда дереу бұғаттаңыз және банктің жедел желісіне қоңырау шалып, барлық операцияларды тоқтата тұрыңыз, сондай-ақ шоттарды бұғаттау мақсатында барынша қысқа мерзімде банк бөлімшесіне барған жөн;

Банк қызметкерлері карта бойынша деректерді немесе алынған SMS-терді ұсыну талабымен клиентке ешқашан бірінші болып қоңырау шалмайды. Осы мәселелер бойынша кез-келген байланыс тек клиентпен басталады;

Егер сіз Интернет арқылы банктік картаны пайдаланып төлемдер жасап, сатып алсаңыз, күдікті поштаны ашпаңыз және белгісіз сілтемелерді баспаңыз. Олардың құрамында алаяқтарға компьютерден ақпаратты қашықтықтан бере алатын вирус болуы мүмкін;

Ұялы телефоныңызға шоттың барлық өзгерістері және жасалған транзакциялар бойынша ақпарат келуі үшін ұялы банк қызметін ай сайынғы төлем үшін қосыңыз. Осылайша, сіз өз картаңыз бойынша күдікті операцияларды жедел қадағалай аласыз.

Интернет-алаяқтардың алдауына түсіп қалмау үшін мынадай бірнеше қағидаларды еске сақтаңыз: 

жеке деректеріңізді еш жерде көрсетпеңіз;
сайттың ресімделуіне көңіл бөліңіз;
мекенжай жолындағы сілтеменің дұрыстығын тексеріңіз;
қорғалған https қосылымын пайдаланыңыз;
күмәнді хаттарды іріктеңіз;
банктік аккаунттарға кіру үшін wi-fi-ға ашық кіру нүктелерін пайдаланбаңыз;
төлем нысанына көңіл бөліңіз. Сенімді интернет-дүкендерде ол жаңа терезеде ашылады және төлем жүйелерінің біреуінің (VISA, Mastercard) верификациясы болады.

 

Сондай-ақ оқыңыз