Алдағы 5 жылда АӨК-нің 380 жаңа инвестициялық жобасын іске асыру жоспарлануда

Жарияланды
Жыл сайын орта есеппен 80-ге жуық жобаны іске қосу жоспарлануда

Олардың 65%-дан астамы ауыл шаруашылығы өнімдерінің импортын алмастыруға бағытталған жобалар, деп хабарлады ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР АШМ Стратегиялық жоспарлау және талдау департаментінің директоры Сәуле Молдабаева. Бұл туралы АШМ бапасөз қызметі хабарлады.

Оның айтуынша, қалған жобалар АӨК экспорттық әлеуетін арттыру міндеттеріне жауап береді. Олар: жаңа бордақылау алаңдары, репродукторлар, жылыжайлар және т.б.

 «Жыл сайын орта есеппен 80-ге жуық жобаны іске қосу жоспарлануда. Мұны біз міндетті түрде жүзеге асыруымыз керек. Министрліктің жобалар пулы облыс әкімдіктерімен инвестициялық жобаларды іске асыру жоспарларын пысықтау нәтижесінде кеңейтілетін болады», – деді спикер.

АӨК-дегі жаңа инвестициялық жобалар да Мемлекет басшысының дәнді және майлы дақылдарды, жемістер мен көкөністерді, қантты, ет пен сүтті өндіру және қайта өңдеу жөніндегі 7 ірі экожүйені құру жөніндегі тапсырмасын орындаудың ажырамас бөлігі болады.

 «Мысалы, өсімдік шаруашылығында «BioOperations» ЖШС зәкірлі кәсіпорнымен Солтүстік Қазақстан облысында астық өндіру және қайта өңдеу бойынша экожүйе құрылады. Кооперация қағидаты бойынша экожүйе астықты терең өңдеу зауытын, құрама жем зауытын, құс шаруашылығы кешенін, тауарлы сүт фермасын және осы кәсіпорындарды ауыл шаруашылығы шикізатымен қамтамасыз ететін өндірушілерді біріктіреді. Осындай экожүйелерді елдің барлық өңірлерінен құру жоспарланып отыр», – деді С.Молдабаева.

Сондай-ақ оқыңыз