«Ashyq» мобильдік қосымшасын 27 алматылық кәсіпкер сынақтан өткізуде. Олардың ішінде 10 кафе мен мейрамхана иелері, 15 фитнес-орталықтары, СПА және бассейн өкілдері де бар. Төрт боулинг орталығының басшылары қосымшаны енгізуге ниет білдірген.Бұл туралы ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК жұмысы туралы шұғыл ресми Telegram каналы хабарлады.
«Ashyq» мобильдік қосымшасын смартфондары жоқ адамдар да қолдана алады. Мұндай азаматтар үшін ЖСН көрсету арқылы мекеме әкімшісінің көмегімен кіру мүмкіндігі қарастырылған.
Мобильді қосымшанының базасы өте сенімді қорғалған.
Алматы қаласы «сары» аймаққа кірген, карантиндік шаралар жеңілдетілген жоқ, керісінше күшейтілген.
Соңғы бір аптаның ішінде қала бойынша көрсетілген мекен-жайлар бойынша тұрмайтын 32 адам, тұрғылықты жері бойынша үйінде болмаған,үйде оқшаулану режимін бұзған 70 адам анықталған.