Ресурстар

Көктемдегі ҰБТ 10-наурызда басталады

10 сәуірге дейін жалғасады

Жоғары оқу орнының ақылы бөліміне түсуді жоспарлаған талапкерлер үшін ұйымдастырылатын наурыз айындағы Ұлттық бірыңғай тестілеу компьютерлік форматта өтеді. Наурыздағы ҰБТ-ға қатысу үшін app.testcenter.kz сілтемесі бойынша тіркелу қажет.Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігінің ресми Telegram-каналы хабарлады.

Пәндер саны әдеттегідей бесеу: үш міндетті және екі бейіндік пән бойынша тестілеу жүргізіледі. Тестілеуге жалпы 4 сағат (240 минут) беріледі. Максималды балл – 140.

 «Көктемдегі ҰБТ 10 наурызда басталып, 10 сәуірге дейін жалғасады. Тестілеу электрондық форматта «бір тестіленуші – бір компьютер – бір камера» қағидасы бойынша өтеді. Сондай-ақ прокторинг жүйесі қолданылады, бейнебақылау орнатылады. Тұлғаны цифрлық сәйкестендіру жүйесі – Face ID ҰБТ-ға қатыспақ болған бөтен адамдарды анықтауға мүмкіндік береді», – деді ҚР БҒМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Әділет Тойбаев.

ҰБТ өткізу кезінде санитарлық талаптар сақталатын болады.