Германияда наурыздың соңына дейін локдаун жалғасады. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады.
Ел билігі осындай шектеу шаралары арқылы 16 федералды аумақтың екеуінде вирус жұқтырғандар саны төмендейді деп болжайды. Мұндай тәсілді Берлин бірнеше айдан бері қолға алып келеді.
Ал Францияның Ла-Манш бұғазсына жақын орналасқан Па-де-Кале аймағында демалыс күндеріне локдаун жарияланды. Әзірге, мұндай шектеу шарасының қанша уақытқа созылатыны белгісіз. Жергілікті билік індет асқынып бара жатқан соң осындай шешім қабылдаған.