Швейцария конституциясына бетті жауып киім киюге тыйым салатын түзетулер енгізіледі. Бұл туралы Анадолу сайты хабарлады.
Соңғы мәліметтерге сәйкес, Швейцария тұрғындарының шамамен 51,21 пайызы шектеулер енгізуге дауыс берді.
Сонымен қатар, референдумда швейцариялықтар үкіметтің электрондық жеке куәлік (e-ID) енгізу жоспарынан бас тартты. Дауыс беруге қатысушылардың 65,36 пайызы қарсы дауыс берді.