Алматыда Наурыз мейрамын өткізуге тыйым салынды

Жарияланды
Бекшин жаңа қаулыға қол қойды

2021 жылғы 10 наурызында Алматы қаласында коронавирустық инфекциясының таралуын алдын алу шараларын күшейту туралы № 9 жаңа қаулы шықты. Бұл туралы ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК жұмысы туралы шұғыл ресми Telegram каналы хабарлады.

 топтық іс-шараларды, көрмелерді, форумдарды, конференцияларды, сондай-ақ отбасылық іс-шаралары (банкеттер, үйлену тойлар, мерейтойлар, еске алу), оның ішінде үйде және адамдар көп жиналатын өзге де іс-шараларды өткізуге тыйым салу сақталады. 

 «Наурыз» және басқа да мерекелік корпоративтерді ұйымдастыруға және өткізуге тыйым салынады;

 Қызметі рұқсат етілмеген объектілерге баруға тыйым салынады. Бұл боулинг орталықтары, компьютерлік клубтар («Ashyq» пилоттық жобасына қатысатын объектілерді қоспағанда), бильярд, караоке, батуттар, түнгі клубтар, букмекерлік кеңселер, лото және ойын клубтары, жабық үй-жайлардағы ойын алаңдары мен аттракциондар, оның ішінде спорт объектілерінде орналасқандарды қоспағанда, мұз және роликті мұз айдындары;

 Қоғамдық көлікке, таксиге, метроға, әуежайларға, т/ж және авто – вокзалдарға, аула балалар алаңдарына, азық – түлік және азық-түлік емес базарларға және басқа да қоғамдық орындарға санитариялық және дезинфекциялық өңдеу жүргізу;

Оффлайн режимде жиналыстар (кеңестер) өткізуге тыйым салынады;

 Коронавирустық инфекцияның жеңіл немесе орташа және симптомсыз түрімен ауыратын науқастардың үй карантинін сақтау мүмкіндіктері болмаса ауруханаға жатқызылады.

 Қаулы  2021 жылғы 13 наурызда күшіне енеді.

Сондай-ақ оқыңыз