2025 жылға қарай мемлекеттік білім гранттарының саны 50 пайызға артады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин айтты, деп хабарлады primeminister.kz.
«Жоғары білімнің қолжетімділігін арттыру үшін 2025 жылға дейінгі гранттар саны 50%-ға артады. Жыл сайын жас ғалымдарға 1000 грант бөлінеді, ал 500 қазақстандық ғалым әлемнің танымал ғылыми орталықтарында тағылымдамадан өте алады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша осы жылдың сәуір айында белгіленген үлгідегі құжаттарды бере отырып, қазақстандықтардың өз бетінше оқу нәтижелерін тануды көздейтін Үздіксіз білім беру тұжырымдамасы қабылданады», – деді Асқар Мамин.