Жол активтерін басқару жүйесі – жіті жүргізілген аспапты зерттеудің деректерінің негізінде жөндеуге қажетті инвестиция көлемдерін болжайтын арнайы жетілдірілген ақпараттық жүйе,-деп хабарлайды Kursiv.kz тілшісі
Аталған жүйені енгізудің арқасында ақауларды ерте кезеңде жойып, күрделі шығындарды төмендетіп, жолдардың өмірлік циклының шығындарын қысқартуға мүмкіндік туады. Сондай-ақ, жол желісінің жағдайын баға берудің сандық индикаторларынан сапалы көрсеткіштерге өту арқылы «Нәтижеге бағытталған бюджет» концепциясын іске асыруға жағдай жасалады.
Бүгінгі таңда ЖАБЖ ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкес келу бойынша сынақтан өткізілуде. Бұдан соң, өнеркәсіптік пайдалануға енгізу жоспарланған.
Айта кету керек, ЖАБЖ маңызды компоненттерінің бірі – көшпелі зертханалармен жол жағдайын аспаптық зерттеу. Биыл аспапты диагностикалауды республикалық маңызы бар жолдар желісінің 19 мың шақырымына жүргізу көзделген. Зерттеу құны 1,5 млрд.теңге. Болашақта диагностика бойынша жұмыстармен еліміздің жергілікті маңызы бар жолдарын қамту жоспарланып отыр.