Көктемгі дала жұмыстарын жүргізу үшін ақпан-маусым айларында Үкімет 380 мың тоннаға жуық жеңілдетілген дизель отынын бөлді. Бұл туралы АШМ баспасөз қызметі хабарлады.
Қазіргі уақытта өңірлердің операторлары мұнай өңдеу зауыттарымен шарт жасасуда.
Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Энергетика министрлігі өңірлерге дизель отынын жөнелтудің күнделікті мониторингін жасайтын болады, деп хабарлады Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдері ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-де өткен брифингте.