Ресурстар

12 жасқа дейінгі балаларға аспирин беруге болмайды-Мясников

Аспирин балада Рей синдромы сияқты ауыр асқынулар тудыруы мүмкін

12 жасқа дейінгі балаларға жоғары температураны төмендету үшін аспирин беруге болмайды. Бұл туралы дәрігер және тележүргізуші Александр Мясников «Россия 1» телеарнасының эфирінде айтты деп хабарлады РИА Новости.

Дәрігердің айтуынша, аспирин балада Рей синдромы сияқты ауыр асқынулар тудыруы мүмкін. Бұл жедел бауыр ауруы және энцефалопатия. Синдромның дамуы өлімге әкелуі мүмкін.

 » Сондықтан әлемнің барлық жерінде балаларға аспиринді ауырсынуды басатын немесе дене қызуын түсіретін дәрі ретінде беруге тыйым салынады», – деп түсіндірді дәрігер.
Сондықтан балаға парацетамол берген дұрыс.