Қазақстандық QazCovid-in вакцинасын сақтау үшін арнайы жағдай талап етілмейді

Жарияланды
Вакцина тасымалдау кезінде өте тиімді

Қазақстандық QazCovid-in вакцинасын сақтау үшін арнайы жағдай талап етілмейді. Вакцинаны тоңазытқышта +2 градустан +8 °С-қа дейінгі температурада сақтауға және тасымалдауға болады.

Вакцинаны өндіру мен сақтау үрдістерінің қарапайымдылығы қолданыстағы логистикалық жүйені пайдалануға мүмкіндік береді. Бұл Қазақстан сияқты кең-байтақ аумақты қамтыған мемлекеттер үшін вакцинаны барлық өңірге жеткізуде өте қолайлы. Сондай-ақ QazCovid-in вакцинасымен қуаттылығы жоғары мұздатқыш камералары жоқ шалғай елді-мекендерде жұмыс істеуге болады.

Қазақстандық вакцина тасымалдау кезінде өте тиімді. Ал, шетелдік препараттар болса, сақтау мен тасымалдауда төмен температураны қажет етеді.

 

Сондай-ақ оқыңыз