Батыс Қазақстан облысында бензин қымбаттады

Жарияланды
АИ-95 маркалы бензин бағасы 190 теңгеге дейін көтерілді

Батыс Қазақстан облысында АИ-92 маркалы бензиннің 1 литрі 170, ал АИ-95 маркалы бензин бағасы 190 теңгеге дейін қымбаттады.Бұл туралы 24.kz сайты хабарлады. 

 « 2015 жылдан бастап АИ 92, АИ 95 маркалы бензиннің, ал 2016 жылдан дизель отынының бағасын мемлекет реттемейді. Ақпан айының 8-інен бастап Атыраудағы мұнайды қайта өңдеу зауытында жоспардан тыс жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Соған байланысты кейбір жанармай құю бекеттерінде бензин талонмен ғана беріле бастады. Зауыт таяу арада іске қосылып толық қуатына көшкен кезде облыстың ішкі нарығындағы баға тұрақталады деген болжам бар. Өңірдегі ірі жанармай жеткізуші компаниялар қазір бензинді Шымкент пен Павлодар мұнай өңдеу зауыттарынан сатып ала бастады. Басқарма мамандары мемлекеттік органдар құзыретіне тек бағаға мониторинг жасау кіреді»,-деді Облыстық энергетика және түкш басқармасының бас маманы Әсел Әбуева.

 «Бензин құнының бір күн ішінде қымбаттауы қалтаға салмақ түсіреді. Бағаны реттеудің жолдарын табу керек қой» – дейді ашынған жүргізушілер. 

 

Сондай-ақ оқыңыз