Аймағамбетов: Президент қазақстандық ғалымдарға толықтай қолдау көрсетіп, сенім артады

Жарияланды
1 млрд теңгеге жуық қаражатқа қажетті жабдықтар сатып алынды

Мемлекет басшысы Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институтын және отандық QazVaс (QazCovid-in) вакцинасын әзірлеген ғалымдарға қолдау көрсетіп жатыр. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Орталық коммуникациялар қызметі ақпараттық алаңында өткен брифингте айтты. 

 «Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша біз Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институты үшін 1 млрд теңгеге жуық қаражатқа қажетті жабдықтар сатып алдық. Уақыт көрсетіп отырғандай, бұл біздің ғалымдарға QazVac вакцинасын әзірлеуге мүмкіндік берді. Президент осы институттың, жалпы ғылымның дамуына белсенді қолдау көрсетіп келеді. Естеріңізде болса, Институттың бас директоры Мемлекет басшысының жеке қабылдауында болған еді. Президент қолдау білдіріп, бірқатар нақты тапсырма берген болатын. Бұған дейін  ғалымдарымызды тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша мәселелер болған еді. Енді Президент тапсырмасымен сол ғалымдарға арналған бірнеше тұрғын үйдің құрылысы жүргізіліп жатыр. Бір үйдің құрылысы аяқталуға жақын. Салынған үйлердің барлығы Президенттің тапсырмасы бойынша біздің институт қызметкерлеріне беріледі», – деді министр Асхат Аймағамбетов. 

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ғылыми кадрларды даярлау тәсілдеріне де өзгерістер енгізілгенін айта кеткен жөн.
 

Сондай-ақ оқыңыз