Ресурстар

Өткен жылы ақтөбеліктер 64 қаруды өз еркімен тапсырды

Республикалық акция жүргізілді

20 сәуірден бастап Ақтөбе облысының аумағында халықтан заңсыз сақталған қару-жарақты сатып алу бойынша жыл сайынғы республикалық акция жүргізіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2020 жылы халық өтеулі негізде 64 бірлік қару мен 517 ойық ұңғылы қару патрондарын өз еркімен тапсырды. Жалпы сомасы 3 млн.555 мың теңгеге қару-жарақ заттары сатып алынды. Заңсыз сақталған қару-жарақ заттарын, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды өз еркімен тапсыруға ниет білдірген азаматтар қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылады.

Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Ерлан Алимағамбетовтың айтуынша, өзінде заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды ақшалай сыйақы үшін тапсыруға ниет білдірген кез келген азамат аумақтық полиция бөліміне барып, өтініш бере алады. Өтінішті полиция бөлімдерінің кезекші бөлімдерінде беруге болады.

Азаматтар телефон арқылы жүгінген кезде осы заттардың орналасқан жеріне барлық қажетті іс-шараларды жүргізетін полиция қызметкері жіберіледі.

Қаруды немесе оның компоненттерін ұқыпсыз пайдалану ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін, өйткені олар өмір мен денсаулыққа үлкен қауіп төндіреді. Осыған байланысты қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажет.