Шымкент «қызыл» аймаққа өтті. Бұл туралы ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram каналында еліміздің аймақтарындағы эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады.
2021 жылдың 15 сәуіріндегі жағдайға сәйкес: «Қызыл аймақта» Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен Атырау, Ақтөбе, Ақмола, Алматы, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстары тұр.
«Сары аймақта» Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Мағыстау облыстары тұр.
«Жасыл аймақта» тек Қостанай мен Түркістан облыстары ғана қалды.