Ресурстар

Қазақстан экспорттаушы елдерге 8 мың тоннадан астам өнімді кері қайтарды

37 млн теңгеге жуық айыппұл салынды

Қазақстан және ЕАЭО заңнамаларында белгіленген карантиндік талаптар бұзылғаны үшін 8 мың тоннадан астам өнім экспорттаушы елдерге кері қайтарылды. Бұл туралы ҚР АШМ АӨК мемлекеттік инспекция Комитеті хабарлады. 

Биылғы жылдың үш айының қортындысы бойынша елімізге әкелінген жоғарғы тәуекелдегі фитосанитариялық карантиндік өнімге қарасты тексеріс нәтижиесінде, 800-ден астам заң бұзушылықтар анықталған. Оның ішінде 110 факт карантиндік объектілер ретінде тіркелген болса, 500-ден астамында тиісті құжаттары сәйкес келмеген немесе мүлдем жоқ болып шыққан.

Осыған орай, Қазақстан  және ЕАЭО заңнамасында белгіленген карантиндік талаптардың бұзылуына байланысты, экспорттаушы елдерге 8 мыңнан астам тонна өнім кері қайтарылды. Қайтарылуға жатқызылған өнімнің көлемі бойынша экспорттаушы елдер көшін Қытай (6022,2) мен Ресей Федерациясы (1136,2) бастап тұр.  Одан бөлек Өзбекстан (439,2 тонна), Қырғызстан (307,4 тонна), Әзірбайжан (303,6 тонна), Иран (243 тонна) және Түрікменстан (212,5 тонна).

Қайтарылған өнімдердің басым көпшілігінде  қызанақтар, бұрыш және арпа өнімдері болған. Онда қызанақ жемістерінің қоңыр әжім вирусы, арамсояу, батыс гүл трипсі, Комсток құрты және тағыда басқа карантиндік объектілер анықталды.

Айта кетсек, талаптарды бұзған тарап әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 37 млн теңгеге жуық айыппұл салынды.