Ақмола колониясында сотталғандар құлпынай, көкөніс және гүл өсіруде, – деп хабарлайды Polisia.kz сайты.
Ақмола ҚАЖ қауіпсіздігі мекмесінде көктем келгеннен бері сотталғандар жер өнімдерін өсіруде. Көктем келмей сотталған өздері тұратын бөлімдерінде қызанақ, қияр сияқты жемістердің көшеттерін отырғызды.
« Бұнда бәрі үйдегідей, нитратсыз табиғи. Өзім кішкентай ауылданмын, бізде әр үйде бақша бар, адамдар негізінен өз фермаларында тұрады. «Бір жыл бір күнді тамақтандырады» деп адамдар бекер айтпаған. Бала кезімде бәрі жұмыс істейтін, мен үнемі ата-анама көмектестінмін, сол кезде маған барлығы ауыр болып көрнетін, бірақ қазір сол еңбегімнің жемісін көріп отырмын, – дейді Сергей есімді сотталған.
«Бірінші жылы мекемеде, отрядтардың жанында бос жер бар екендігі тыныштық бермеді. Мен оны сынап көруді шештім, мекеме басшылығы рұқсат берді. Сотталғандар арасында бұл іспен айналысуды қалағандар табылды. Қазір біз көк шөптен басқа қызанақ, қияр өсіреміз. Жігіттердің бірі гүл егуді ұнатса, ал мен құлпынай өсіруді ұнатамын,» – дейді Сергей.