Ресурстар

Түркістан-Ташкент жаңа халықаралық рейсі ашылды

Аптасына 2 рейспен ұшады

Түркістан-Ташкент жаңа халықаралық рейсі ашылды. Бұл туралы ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Өзбекстан Республикасы Премьер-Министрі Абдулла Ариповтың Қазақстанға сапары аясында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов Өзбекстан Республикасының Көлік министрі Илхом Махкамовпен кездесті.

Кездесу барысында 2021 жылғы 21 маусымнан бастап Қазақстанның Fly Arystan әуе компаниясының Түркістан-Ташкент бағытында аптасына 2 рейспен (аптаның 1 және 4 күндері) ұшатыны келісілді.  

Рейстер екі елдің санитарлық-эпидемиологиялық шараларын қатаң сақтай отырып орындалады.
Эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруына қарай түркі әлемінің мәдени астанасы – Түркістаннан ұшатын рейстер санын одан әрі арттыру жоспарланып отыр.