Қазақ-қырғыз сүңгуірлері бірлесіп адам құтқару дағдыларын жетілдірді. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қарағанды облысы Приозерск қаласының құтқару станциясы базасында І-ІІ мамандандыру тобына дайындық бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасы ТЖМ сүңгуірлерін оқыту бойынша екі апталық тренинг аяқталды.
Жабылу салтанатына ҚР ТЖ министрі Юрий Ильин және ХАҚҰ бас хатшысының орынбасары Андрей Кудинов шараның жабылу рәсіміне онлайн режимде қатысты.
Оқу-жаттығудың жабылуында Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин табиғи және техногендік төтенше жағдайлар санының тұрақты өсуі жағдайында оларды жою жөніндегі міндеттерді табысты орындаудың кепілі қызметтің барлық қызметкерлерінің кәсіби шеберлігінің жоғары деңгейі болып табылатынын атап өтті.
ТЖМ дайындық және оқыту үдерістеріне көп көңіл бөледі. Өйткені құтқарушылар қызметінің әрбір бағыты үнемі жетілдіруді талап етеді.
Төтенше жағдайлар министрі облыстық төтенше жағдайлар департаментінің материалдық-техникалық жарақтандырылуына және қайта жарақтандырылуына жан-жақты көмек көрсеткені үшін Қарағанды облысының әкімдігіне алғыс айтты. Сүңгуірлерді оқытқан құтқару станциясы облыс әкімдігінің бастамасымен Приозерск қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспары аясында салынған.
Естеріңізге сала кетейік, 24 мамырда Балқаш көлінде басталған оқу-жаттығу 5 маусымға дейін Халықаралық Азаматтық қорғаныс ұйымының және қауіп-қатерді азайту орталығының қолдауымен өтті. Он күн бойы Қазақстан Республикасы, Ресей және Қырғыз Республикасы ТЖМ нұсқаушы-мамандары өз тәжірибелерімен және дағдыларымен бөлісті. Тренингке Қазақстан өңірлерінің жедел-құтқару жасақтарының 35 құтқарушысы қатысты.
Құтқарушы-сүңгуірлердің бірінші халықаралық оқу-әдістемелік жиынының жабылуына қатысқан Министр біздің республикамыз үшін бұл үлкен құрмет пен жауапкершілік екенін мәлімдеді.
Өткізілген тренинг курсы Халықаралық Азаматтық қорғаныс сертификатына ие және халықаралық қоғамдастықтың сүңгуірлерін даярлау стандарттарына сәйкес келеді. Олар аяқталғаннан кейін сертификат алған әрбір қатысушы халықаралық құтқару операцияларына қатыса алады.