Қазақстан теңгесі қатарынан 3 рет үздік банкнот атанған

Жарияланды
Банкнот дизайны мен қорғаныш сапасы сарапқа салынады

Халықаралық банкнот қауымдастығы (IBNS) жыл сайын ең үздік банкнотты таңдайды. Бұл жердегі ең басты талап – валютаның тұрақтылығы емес, көркемдік құны мен  иннновациялық қорғанышының мықтылығы. Әлемнің түкпір-түкпірінен бас қосқан сарапшылар банкноттардың дизайны мен түс үйлесіміне баға береді.  Қағаз ақшаларға қойылатын тағы бір талап – банкнот  айналымға бір жыл бұрын шығуы тиіс. 

Мәртебелі патшайымның «ақша биографиясы»

Халықарық банкнот қауымдастығының ең алғашқы марапатын Елизавета II – яғни аса мәтебелі патшайымның суреті бейнелеген банкнот алған. 

Бұл британдық фунт стерлинг емес, канадалық доллар  еді. Төлем құралдарында паншайым келбетінің кестеленуі – Ұлыбритания мен құрамына Канада да кіретін Достастық патшайымының айрықша құқығының бірі.

Жақында бұқаралық ақпарат құралдарында мәртебелі патшайымның «ақша биографиясы» жарияланды. Бұл жерде1953 жылы шыққан, хашайымның 8 жастағы кезі бейнеленген ақшадан бастап, 2012 жылы жарық көрген, 85 жастағы Елизавета II суреті бар ақшаға дейінгі 15 банкнот жинақталған. 

kak-kazaxstanskie-kupyury-stanovilis-luchshimi-banknotami-goda (1).jpg

Фото: theibns.org сайты

ISNB сыйлығын ең бірінші иеленген ақша бұл тізімде Гибралтардың 1995 жылы шығарылған 50 фунты мен  Фиджидің 5 доллары арасында жайғасар ма еді, канадалық банкнот 2004 жылы жарық көріп, ISNB сайтында  жазылғандай, «бірден коллекционер сұранысына ие болып, танымал купюраға айналған». Қазылар алқасы канадалықтар ақшада бейнелеген патшайым бейнесін ерекше бағалап, «монархтың кемел шағындағы ең үздік портреті» деп атаған. Оған қоса бұл купюраның қорғаныс функциялары: жетілдірілген голографиялық жолақ, су белгісінен бастап  түсінің мен флуоресцентті элементтері бар қорғаныс жіптеріне дейін ереше назар аудартады. Сонымен қатар, көру қабілеті нашар адамдарға номиналды анықтауға көмектесетін тактильді белгі де бар. 

Патшайым бейнеленген купюралар «ең үздік» атануға бірнеше рет таласқан. Әсіресе, 2011 жылы тартысқа патшайымның суреті бейнеленген үш купюра: 50 фут стерлинг, гибралтардың 100  фунты мен Кайманның 5 доллары бірден түскен. 

Алайда осы үш ақшаны да қазақтың 10 мың теңгелік купюрасы басып озған. 

Теңге гегемониясы

IBNS  таратқан ақпаратта  сол жылы «100-ге жуық жаңа банкноттар арасында үлкен бәсеке» болғаны жазылған, ал дауыс беру  барысында Қазақстанның Ұлттық банкі мен британдық De La Rue компаниясы әзірлеген теңге канадалық 100 доллар мен Гибралтардың 100 фунтын басып озған. Айта кетейік, бұл  ІV серияда шығарылған, «Қазақ елі» монументі бейнеленген банкнот болатын.

kak-kazaxstanskie-kupyury-stanovilis-luchshimi-banknotami-goda (6).jpg kak-kazaxstanskie-kupyury-stanovilis-luchshimi-banknotami-goda (7)_0.jpg

Фото: theibns.org сайты

Бір жылдан кейін қауымдастық тағы да Қазақстан теңгесін үздік деп таниды. Бұл осы сериядағы, қар барысы бейнеленген 5 мың теңгелік купюра еді. Халықарадық банкнот қауымдастығының сайты «Қазақстан өз жетістігін тағы бір қайталады» деп жазады. 

kak-kazaxstanskie-kupyury-stanovilis-luchshimi-banknotami-goda (4).jpg

kak-kazaxstanskie-kupyury-stanovilis-luchshimi-banknotami-goda (5).jpg

Фото: theibns.org сайты

Ал 2013 жылы Қазақстан «Күлтегін» естелік банкнотымен жеңіске жеткеннен кейін, коллекционерлер «теңге гегемониясы»  жайлы әңгіме қозғай бастайды Сол жылы 1000 теңгелік купюра («Күлтегін» номиналы) жаңа 5 евродан, жетілдірілген қорғанысы бар $100 доллардан және 2014 жылғы Сочидегі ХХІІ Олимпиадалық қысқы ойындар мен ХІ Параолимпиадалық қысқы ойындарға арналған естелік 100 рубль банкнотадан басым түседі. 

kak-kazaxstanskie-kupyury-stanovilis-luchshimi-banknotami-goda (2).jpg

kak-kazaxstanskie-kupyury-stanovilis-luchshimi-banknotami-goda (3)_0.jpg

IBNS марапатының тарихында бір елдің банкноттары қатарынан үш мәрте жеңіске жетуі – бір-ақ рет болған жайт (Канада мен Швейцария банкноттары екі реттен үздік атанған. 

 «Бұл марапатты үш жыл қатарынан алуымыз – сол жылдары біздің банкноттары расында ең үздік болғанының белгісі», – дейді Ұлттық банк қолма қол ақша айналымы департаментінің банкнот және монета дизайны басқармасының басшысы, бас дизайнер Алмат Басенов. – Көптеген елдер банкнот қорғанышын өзгертуге тәуекел ете бермейді, өйткен банкнот айналымға шыққан соң, қолданыс барысында қорғаныш элеметтері қаншалықты берік  болары белгісіз. Ал біздің мамандар басқа жолды таңдап, банкноттарға жаңа қорғаныш элеметтерін салып көруді жөн санады. Нәтижесінде бұл шешімнің дұрыс болғанына көзіміз жетіп отыр. Оған қазақ теңгесінің өзіндік ерекшелігі мен ұлттық колоритке бай ерекше дизайнын қосыңыз. Теңгенің халыралық марапат алуына негізгі осы екі фактор әсер еткен болар». 
 

 

 

 

Сондай-ақ оқыңыз