Ресурстар

Түркістан облысында жергілікті жолдар желісінің 480 шақырымнан астамы жаңартылуда

Биыл 39 автожол жобасы жүзеге асырылмақ

Түркістан облысында жергілікті жолдар желісінің 480 шақырымнан астамы жаңартылуда. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Биыл Түркістан облысында жалпы ұзындығы 485,7 шақырым болатын 39 автожол жобасы жүзеге асырылмақ. 

Мәселен, өңірде Кентау шаһарынан Түркістан қаласына барар 24 шақырым жол реконструкцияланбақ. Бұдан бөлек, жол учаскелерін күрделі және орташа жөндеу бойынша тағы 38 жоба қамтылған  
Жыл қорытындысы бойынша жолшылар 326,7 шақырым жолды пайдалануға береді. Осылайша, 2021 жылдың соңына қарай жергілікті жолдар желісінің нормативтік жағдайының үлесі 87%-ды құрайтын болады.
Айта кетейік, Түркістан облысындағы республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының ұзындығы 725 км құрайды, оның 100% -ы нормативтік жағдайда.