Ресурстар

Алматы ХҚО-лары қызмет алушыларды Ashyq қосымшасы арқылы қабылдайды

Теріс немесе бейтарап мәртебесі бар алматылықтар мемлекеттік қызметтерді кезексіз ала алады

    Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2021 жылғы 11 маусымдағы №27 қаулысына сәйкес, 14 маусымнан бастап ХҚО-лар Ashyq сервисі арқылы клиенттерді қабылдауға көшеді. Теріс немесе бейтарап мәртебесі бар алматылықтар мемлекеттік қызметтерді кезексіз алуына болады.Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕАҚ баспасөз қызметі хабарлады.

 «Ashyq қосымшасы бойынша қаладағы барлық ХҚО-ға кіруге қолжетімді болады. Қаланың әрбір фронт-офисіне сканерлеу үшін арнайы дербес QR-код берілді. QR кодтары ғимаратқа кіре берісте ілінеді», – дейді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Алматы қаласы филиалының PR-менеджері Жаңыл Әпетова.

Бұл ретте кезекке алдын ала брондау мүмкіндігі бұрынғыша қалады. Оның артықшылығы – сіз белгіленген уақытта оператордың қабылдауына бірден өте аласыз.

 «Егер қызметті алушыда Ashyq қосымшасы болмаса, жақында ғана Ashyq функционалы енгізілген eGov mobile, Kaspi.kz және Halyk Homebank қосымшаларын пайдалана алады,» – деп қосты ол.

 Осы қосымшалар болмаса да, мәртебеңізді ХҚО қызметкерлері ЖСН бойынша анықтайтын болады.