Биылдан бастап ел азаматтарының Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан (БЖЗҚ) бір жолғы төлем ала бастағаны белгілі. Ол ақшаны азаматтар үй алуға, ипотеканы жабуға жұмсайды және жеке компаниялардың басқаруына бере алады. Жоба басталғалы бері азаматтардың зейнетақы мәселесіне қатысты сауалдары да көбейген.
Зейнетақы жинақтарымды қалай тексеруге болады?
• БЖЗҚ ұялы қосымшасында қызметтер бөліміне өтіп, «ЖЗШ-дан үзінді көшірме алуды» таңдаңыз. Бұдан әрі жүйеге ЭЦҚ немесе ЖСН және пароль арқылы кіріңіз. Ашылатын терезеде үзінді көшірмені қажет ететін қажетті уақыт кезеңін көрсетіңіз. Үзінді PDF форматында жасалады.
• www.enpf.kz сайттындағы ЖСН және пароль не ЭЦҚ көмегі арқылы жеке кабинетке кіру. Бұдан әрі «Қызметтер» қосымша бетіне өтіп, «ЖЗШ-дан үзінді көшірме алуды» таңдаңыз. Ашылатын терезеде үзінді көшірмені қажет ететін қажетті уақыт кезеңін көрсетіңіз. Үзінді PDF форматында жасалады.
• cabinet.enpf.kz/porog порталында ЭЦҚ немесе ЖСН және мобильді азаматтар базасында тіркелген ұялы телефон нөміріне SMS арқылы түсетін бір реттік пароль арқылы авторланудан өтіңіз.
• «Азаматтарға арналған электрондық үкімет» сайтында eGov.kz немесе eGov Mobile ұялы қосымшасында «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысының (алушысының) зейнетақы жинақтарының (инвестициялық кірісті ескере отырып) жай-күйі туралы ақпарат беру» қызметін таңдаңыз.
• enpf.kz сайтындағы жеке кабинетте үзінді көшірме қалыптастырыңыз және БЖЗҚ деректер базасында тіркелген электрондық пошта мекен-жайына жіберіңіз.
• Тұрақты түрдегі жіберілім арқылы, БЖЗҚ деректер базасында тіркелген электрондық мекен-жайға үзінді көшірмені алыңыз. Ол үшін қор бөлімшесіне бір рет келіп, «электрондық пошта арқылы» хабарландыру тәсілін таңдаңыз.
• Жыл сайынғы хабарландыру барысында жылына бір рет БЖЗҚ деректер базасына тіркелген пошта мекенжайына үзінді көшірмені алыңыз. Ол үшін қор бөлімшесіне бір рет келіп, хабарландырудың «пошта байланысы қызметі арқылы» тәсілін таңдаңыз.
• БЖЗҚ-ның кез келген жақын жердегі өңірлік бөлімшесіне жеке басты куәландыратын құжатпен өтініш білдіріңіз.
Төлемге өтінішті қалай және қайда беру қажет?
Зейнетақы жинақтарының бір бөлігін тұрғын үйге және (немесе) емделуге пайдалану туралы шешім қабылдаған кезде уәкілетті операторларға жүгіну қажет. Тұрғын үй жағдайларын жақсарту жөніндегі, сондай-ақ емделуге ақы төлеу жөніндегі уәкілетті оператордың функцияларын «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ орындайтын болады. тұрғын үй жағдайларын жақсарту бойынша екінші деңгейдегі банктер жүзеге асырады.
Екінші деңгейдегі банктер:
1) «Отбасы банк» АҚ;
2) «Қазақстан Халық банкі» АҚ;
3) «Банк ЦентрКредит» АҚ;
4) «Алтын Банк»АҚ.
Зейнетақы жинақтарының бір бөлігін мақсатты қажеттіліктерге алу және пайдалану ережелері туралы толық ақпарат алу үшін тиісті уәкілетті операторларға хабарласуға кеңес береміз.
Инвестициялық табыс дегеніміз не?
Зейнетақы жинақтары зейнетақы жарналары мен инвестициялық табыстан тұрады. Инвестициялық табыс – зейнетақы активтерін инвестициялау нәтижесінде алған табыс. Зейнетақы активтерін ҚР Ұлттық Банкі басқарады.
Инвестициялық табыс алу және тәуекелдерді барынша азайту мақсатында зейнетақы жинақтары түрлі қаржы құралдарына (бағалы қағаздар, шетел валюталары және т.б.) инвестицияланады, олардың құны әлемдегі экономикалық жағдайға байланысты үнемі өзгеріп отырады. Сондықтан инвестициялық табыс ұлғаюы да, азаюы да мүмкін.
Инвестициялық табыс күн сайын есептелетіндіктен, зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы да өзгереді. Сондықтан инвестициялық кіріс теріс болған жағдайда, зейнетақы жинақтарының сомасы да азаяды, ал оң болған жағдайда көбейеді.
Зейнетақы жинақтары – бұл ұзақ мерзімді инвестициялар екенін түсіну қажет және инвестициялық табыстың мөлшерін кемінде 1 (бір) жыл кезеңге талдаған жөн.
БЖЗҚ зейнетақы активтерін инвестициялық басқару бойынша және зейнетақы активтері орналастырылған қаржы құралдары туралы ақпарат БЖЗҚ ресми сайтындағы «Көрсеткіштер/Инвестициялық қызмет» бөлімінде ай сайын орналастырылады.
Менің БЖЗҚ-да үш шотым бар, бұл МЗЖ, МКЗЖ және ЕЗЖ есепке алу бойынша шот, мерзімінен бұрын мақсатты қажеттіліктерге алу үшін қай шотты пайдалануға болады?
Міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен қалыптастырылған, жеткіліктілік шегінен асып кеткен жағдайда, ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есептелмейді.
Менің жеке кабинетім бар, ұялы телефон нөмірім өзгерді. Енді қосымшаға кіріп, зейнетақы аударымдарымды бақылай алмай отырмын. Жеке кабинетте деректерді қалай өзгертуге болады?
Егер БЖЗҚ деректер базасындағы телефон нөмірін өзгерткіңіз келсе, онда Сізге жеке басты куәландыратын құжатпен БЖЗҚ-ның кез келген бөлімшесіне жүгінуіңіз қажет. Сондай-ақ БЖЗҚ сайтында іске қосылған «Қызмет көрсету кезегін брондау» БЖЗҚ жаңа қызметін пайдалана аласыз. Ол үшін мына сілтемені пайдалану керек: www.enpf.kz, «Электрондық сервистер» бөлімі, «Қызмет көрсетуге кезекті брондау» қызметі.
Сондай-ақ сіз «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамынан ала алатын электрондық цифрлық қолтаңбаның өзекті кілті болған жағдайда, сіз қордың автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде тіркелген өз деректемелеріңіздің (жеке басты куәландыратын құжаттың деректері, тұрғылықты жердің мекенжайы, электрондық мекен-жай (e-mail), телефон нөмірлері) өзектілігін тексере аласыз және «Жеке кабинет» бөлімінде, бұдан әрі «Жеке тұлғаның тжеке кабинеті», «Қызметтер» шағын бөлімі, әрі қарай «Деректемелерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу» арқылы деректемелерді өзгерту туралы өтінішке қол қоя аласыз.