Ресурстар

Депутаттар демалысқа кетті

Отырысқа Сенаттың 44 депутаты және Мәжілістің 100 депутаты қатысты

Депутаттар демалысқа кетті. 30 маусымда Қазақстанда жетінші шақырылған парламенттің бірінші сессиясы жабылды. Бұл туралы мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин 30 маусымда парламент палаталарының бірлескен отырысында мәлімдеді.

Отырысқа Сенаттың 44 депутаты және Мәжілістің 100 депутаты қатысты.

   «Бүгін біз жетінші шақырылған Парламенттің алғашқы сессиясын аяқтап отырмыз. Бұл сессия жұмысы қасиетті Отанымыз Қазақстанымызға 30 жыл толған мерейлі кезеңде басталды. Ата-бабамыз аңсаған Тәуелсіздік әрбір отбасын, әрбір қазақстандықтың зор мақтанышы және баға жетпес байлығы болып саналады. Себебі дәл осы 30 жылдың ішінде біздің еліміз барлық салада зор табыстарға жетті. Бүгінгі күні Қазақстанымыз бүкіл әлем мойындаған беделі жоғары, іргесі берік қуатты мемлекетке айналды», – деді Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин.

Оның айтуынша, Қазақстан бүкіл әлемде мойындалған беделді, күшті мемлекетке айналды.

Атап айтқанда, депутаттар биылғы 1 қыркүйекке дейін парламенттік каникул деп жарияланатыны туралы арнайы қаулы қабылдады.