Ресурстар

Бір тәулікте 2400 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды

26 мыңнан астамы ем алып жатыр

1 шілдедегі мәлімет бойынша, 26 122 адам коронавирус инфекциясынан емделіп, соның ішінде 7 738 пациент стационарда, 18 384 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр. 

Өткен тәулікте 2436 адам коронавирус инфекциясын жұқтырғаны анықталған. 

Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласында – 807, Алматыда – 305, Шымкентте – 143, Ақмола облысыда – 50, Ақтөбе облысы – 66, Алматы облысы – 52, Атырау облысы – 98, Шығыс Қазақстан облысы – 78, Жамбыл облысы  – 27, Батыс Қазақстан облысы –121, Қарағанды облысы – 394, Қостанай облысы  –51, Қызылорда облысы – 35, Маңғыстау облысы – 81, Павлодар облысы – 64, Солтүстік Қазақстан облысы – 20, Түркістан облысында 44 адам инфекция жұқтырған. Жалпы ел бойынша ауырғандар саны  – 425573. 

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

• 488 адамның жағдайы ауыр,
• 103 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 68 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.