Ресурстар

Енді вакцина салдыру міндетті. Вакцина алмағандарды жұмысқа кіргізбейді

Қызметкерлері екпе алуы тиіс ұйымдардың толық тізімі жарияланды

Бүгін Бас мемлекеттік санитариялық дәрігер Ерлан Қиясовтың кезекті қаулысы шықты. Онда қызметкерлері вакцина салдыртуға тиіс мекемелердің толық тізімі жызылып, вакцина алмаған қызметкерлердің жұмысқа келуі шектелсін делінген.  Бұл талап өз күшіне 2 шілдеден енеді. 

Бас санитар дәрігер ертеңнен бастап күшіне енетін қаулысында Ата заң мен Денсаулық сақтау кодексі және профилактикалық екпе жүргізу қағидаларына сүйенген. 

Аталмыш қаулы бойыша барлық облыс, Алматы, Нұр-Cұлтан, Шымкент қалаларының әкімдері, орталық мемлекеттік органдар, құқық қорғау және арнайы органдар, «Атамекен» ҰКП (келісу бойынша), ұлттық компаниялар, меншік нысанына қарамастан заңды тұлғалар 15 шілдеге дейін – вакцинаның бірінші компонентін, ал 15 тамызға дейін екінші бөлігін профилактикалық егу жұмысын ұйымдастыруы тиіс. Оған қоса, ақпараттық-түсіндіру жұмысы күшейтілуі керек.

COVID-19-ға қарсы вакцина салдырмаған жұмыскерлерді көзбе-көз режимде жұмысқа жіберуді шектеу талап етіліп отыр. Тек вакцина салдыруға денсаулығы жарамайтын және соңғы 3 айда коронавируспен ауырып жазылған кісілерге бұл талап қойылмайды. 

Ал вакцина салдырмағандар аптасына бір рет міндетті түрде ПТР-тест тапсырады. Денсаулығы вакцина алуға жарамайтын және соңғы 3 айда коронавируспен ауырғандар тест тапсырмауына болады. 

Қызметкерлері вакцина салдырмаса, жұмысқа кіргізбейтін ұйым-мекемелердің тізімі мынандай: 

  • қызмет көрсету  объектілері: (халыққа қызмет көрсету орталықтары (ХҚКО), «Қазпошта» АҚ бөлімшелері, екінші деңгейдегі банктер, қаржы нарығының объектілері, сақтандыру компаниялары, жылжымайтын мүлік жөніндегі агенттіктер, жарнама агенттіктері, айырбастау пункттері, ломбардтар, сұлулық салондары, шаштараздар, химиялық тазалау орындары, кір жуу орындары, фитнес, спорт кешендері, спорттық-сауықтыру орталықтары, СПА және массаж салондары/орталықтары/кабинеттері, моншалар, сауналар, бассейндер, жағажайлар, типографиялық көрсетілетін қызметтер, тігін ательесі, фотосалондар, аяқ киім шеберханалары, гүл дүкендерінің, аяқ киім, киім жөндеу, ұйымдастыру техникасын жөндеу жөніндегі сервис, адвокат, нотариус, бухгалтер және консалтинг, маникюр және педикюр, косметологиялық қызметтерді көрсету жөніндегі объектілер, өзге де объектілер);
  • халық тұтынатын өнім мен тауарларды көтерме және бөлшек саудамен (сақтау)  айналысатын нысандар: базар, сауда үйлері, сауда желілер, сауда-ойын-сауық орталықтары, дүкен, шағын маркеттер, супермаркеттер, гипермаркеттер;
  • мәдениет және демалыс объектілері (музейлер, музей-қорықтар, кітапханалар, концерттік ұйымдар, филармониялар, театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, клубтар, галереялар, көрмелер, цирктер және басқа да мәдени-демалыс ұйымдары);
  • халыққа қонақ үй қызметін көрсететін объектілер (қонақ үйлер, отельдер, хостелдер, мотельдер, жатақханалар, кемпингтер және тағы басқалар);
  • жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын ұйымдар: әуежайлар, теміржол, автомобиль және су вокзалдары, өзен және теңіз порттары, автостанциялар/автоөтпе жолдар, жолаушыларға қызмет көрсету пункттері;
  • білім беру және тәрбиелеу ұйымдары:  оның ішінде білім беру дамыту және түзету орталықтарының (ересектер мен балаларға арналған), оқу-өндірістік комбинаттар және басқа да мектептен тыс ұйымдар;
  • санаторий-курорттық және сауықтыру мақсатындағы объектілер (санаторийлер, демалыс үйлері/базалары/аймақтары, профилакторийлер, балалардың сауықтыру лагерлері (мектеп жанындағы, қала сыртындағы), туристік базалар және басқалар);
  • қоғамдық тамақтану объектілері, оның ішінде ұйымдасқан ұжымдарда орналасқан, сондай-ақ тамақ жеткізуді жүзеге асыратын объектілердің, стрит-фудтар;
  • барлық үлгідегі медициналық-әлеуметтік объектілердің (қарттар, мүгедектер үйлері, сәбилер үйлері және басқалары);
  • денсаулық сақтау ұйымдарының, оның ішінде зертханалар;
  • дәріханалар;
  • тіршілікті қамтамасыз ету және коммуналдық шаруашылық объектілерінің (сумен жабдықтау, жылумен жабдықтау, электрмен жабдықтау, аумақтарды жинау және қалдықтарды шығару, үй-жайлар мен аумақтарды дезинфекциялық өңдеу бойынша ұйымдар, авариялық-құтқару қызметтері, ПИК және МИБ және басқалары);
  • экскурсия қызметін көрсететін ұйымдар;
  • демалыс объектілері, ойын-сауық ойын объектілері: (компьютерлік клубтар, бильярд залдары, боулингтер, ойын-сауық орталықтары/саябақтары, аттракциондар, аквапарктер, караоке, лотерея клубтары және лотерея билеттерін сату жөніндегі өзге де пункттер/нүктелер және басқалар);
  • байланыс және телекоммуникация объектілерінің қызметкерлері вакцина салдыруы тиіс.