Ресурстар

МӘМС жүйесі енгізілгелі бері медициналық сақтандыру қорына 689,2 млрд теңге аударылған

Соның 127 млрд теңгесін Алматы тұрғындары аударған

МӘМС жүйесі енгізілгелі бері, медициналық сақтандыру қорына 689,2 млрд теңге аударылған. Медициналық сақтандыру қорының Алматы филиалы таратқан мәлімет бойыншағ осы жарнаның бестен бір бөлігін алматылықтар аударған. 

Жалпы, жүйе 2017 жылдың шілдесінен іске қосылғалы бері  Алматыдан 127,5 млрд теңгеден астам жарна аударылыпты. Соның 92,4 млрд теңгеден астамы – жұмыс берушілердің жасаған аударымдары. Қалған 35,1 млрд теңгесі – жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт бойынша еңбек ететіндердің жарнасы.

Филиал директоры Тілеухан Әбілдаевтың айтуынша, өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар үшін бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ) төлеген тиімді. Қазіргі таңда қала тұрғындары үшін БЖТ көлемі 2917 теңгеге тең, оның 40% немесе 1166 теңгесі МӘМС жарнасы ретінде аударылады.