Ресурстар

Биыл ҰБТ тапсырғандардың 39,4 пайызы шекті балл ала алмаған

Тестке 145 мың талапкер қатысқан

Биыл ҰБТ тапсырған 145 мыңнан астам талапкердің  57 187-і немесе 39,4%-ы шекті балл ала алмаған. 

ҰБТ алғаш рет электронды форматта өтті. Тест қорытындысы бойынша 88 мыңнан астам талапкер шекті балл жинаған, бұл шамамен қатысушылардың 60%-ын құрайды. Ең жоғары 140 балды Павлодар қаласының түлегі жинаған. 1923 талапкер 120 балдан жоғары нәтижеге қол жеткізген.

ҰБТ-ға қатысқандардың 109 693 немесе 75,5%-ы қазақ тілінде, 35 245 немесе 24,3% орыс тілінде тест тапсырды. Биыл орташа бал –  69,08, бұл былтырғы көрсеткіштен 5 балға жоғары. 

БҒМ таратқан мәлімет бойынша, білім беруде ерекше қажеттіліктері бар балаларға да жағдай жасалыпты. ҰБТ-ға мүмкіндігі шектеулі 90 бала қатысқан. Оларға арнайы аудитория мен жеке көмекшілер ұйымдастырылды.