OPEC+ елдері тамызда қанша мұнай өндіретіндерін анықтай алмай жатыр

Жарияланды (жаңартылды )
Келіссөздер 5 шілдеге қалдырылды

Жұма күні OPEC+  келіссөздерінің келесі айда өндірілетін мұнай көлеміне қатысты кезекті раунды өткенімен, мұнайлы елдер келісімге келе алмады. Келіссөздер 5 шілдеге қалдырылды. Ал осы орайда Brent маркалы мұнай фьючерстері жұма күні 0,29 пайыз қосып,  барреліне 76,1 доллардан сатылды, деп жазады ҚҚҚ сараптама орталығы. 

Brent маркалы мұнайдың барреліне 76 доллардан жоғарылауы  –  2018 жылдың қазан айынан бергі ең жоғары көрсеткіш. 

БАҚ таратқан ақпаратқа сәйкес, келіссөздерді кейінге қалдыруға Ресей ұсыныс тастаған. 

«Бұған дейін мұнай өндірісін көбетуге бөлінетін квота Біріккен Араб Әмірліктерінің көңілінен шықпады: ол Ресей Федерациясы мен Сауд Арабиясы арасындағы шикізат өндірісін тамыздан желтоқсанға дейін күніне 2 миллион баррельге арттыру туралы келісімді қайта қарауды сұрады» делінген хабарламада.

Егер өндіріс көлемін арттыру  туралы келісімге қол жеткізілмесе, БАӘ ОПЕК+ мәмілесі шеңберінде бұрын белгіленген шектеулерді тамыз айында сақтауға дайын.
Инвесторлар OPEC+ елдерінің келісімге келе алмауы негізгі өндірушілердің мұнай өндірісін қазіргі көлемде  жалғастыратынын білдіруі мүмкін деп қорқады.

Айта кетейік, Қазақстан биыл 85,3 млн тонна мұнай өндіруді жоспарлап отыр. 

Сондай-ақ оқыңыз