Шымкентте мектеп құрылысына бөлінген қаржының 5,5 млн теңгесін жеп қойған

Жарияланды
Мердігер 3 жыл бас бостандығынан шектеу жазасына тартылды

Шымкент қаласы, Жұлдыз тұрғын үй кешеніндегі мектеп құрылысына бөлінген қаржының 5,5 млн теңгесін жеп қойған. Бұл фактіні Қаржылық мониторинг агенттігінің Шымкент қаласы бойынша аумақтық департаменті анықтаған.

Қазіргі уақытта бүкіл елде жаңа оқу жылына дайындық мақсатында білім беру мекемелерінде құрылыс және жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқаны белгілі. 

Айта кету керек, бұған бюджеттен айтарлықтай қаржы бөлінеді, олардың көлемі жыл сайын артып келеді. Ал білім беру нысандары – адал емес мердігерлер үшін «қаржы көзі».

«Тергеу барысында кәсіпкер мектеп құрылысы кезінде нақты орындалмаған жұмыстар туралы дәйексіз мәліметтермен есептер ұсынғаны белгілі болды. Сот құрылыс-экономикалық сараптамасының қорытындысына сәйкес мемлекетке келтірілген залал сомасы шамамен 5,5 млн.теңгені құрады.Құрылыс жұмыстарын жүргізген жосықсыз кәсіпкер кінәсін толық мойындап, келтірілген шығын сомасын өтеді» делінген ҚМА таратқан ақпааратта. 

Еңбекші аудандық сотының үкімімен ол 3 жылға бас бостандығын шектеу жазасына тартылған. 
 

Сондай-ақ оқыңыз