Егер несиеңізді төлей алмасаңыз, не істеу керек?

Жарияланды
Қалай әрекет ету керегін Fingramota.kz түсіндіреді

Өмірде түрлі жағдай болады. Егер кенеттен қаржылық жағдайыңыз кредитті уақтылы төлеуге мүмкіндік бермесе, ең бастысы заң бойынша әрекет ету қажет. Қалай әрекет ету керектігі Fingramota.kz-те айтылады.

Біріншіден, шарттық қарым-қатынас ресімдеген кредит ұйымына ресми өтініш жазу керек. Оны қарыз кешіктірілген күннен бастап 30 күн асырмай жазу керек, кешіктірмей жатып арыз жазып тастасаңыз, тіпті жақсы.  Өтініште міндеттемелердің орындалмау себебін көрсетіп,  шарт талаптарын өзгерту бойынша өз ұсыныстарыңызды ұсыну қажет.

Бұл:

  • сыйақы мөлшерлемесінің төмендеуі;
  • қарыз валютасының өзгеруі;
  • негізгі борыш, сыйақы бойынша төлемді кейінге қалдыру;
  • берешекті өтеу әдісін немесе берешекті өтеу кезектілігін өзгерту;
  • шарттың қолданылу мерзімін өзгерту;
  • мерзімі өткен негізгі борышты, сыйақыны кешіру, айыпақыны жою болуы ммкін.

Кіріс нөмірі бар өтінішіңіздің көшірмесін міндетті түрде алыңыз. Осыдан кейін қаржы ұйымы сіздің ұсыныстарыңызды 15 күн ішінде қарайды және жазбаша жауап береді. Кредитор Сіздің ұсыныстарыңызбен келісуі, балама нұсқаларын қарастыруы немесе бас тартуы мүмкін.
 

Сондай-ақ оқыңыз