Талдықорған қаласында рестораторлардан пара алған мониторингтік топ мүшелері ұсталды, деп хабарлайды Антикор.
Әкімдіктің кәсіпкерлік бөліміндегі лауазымды тұлғалар сыбайлыс жемқорлыққа барған.
«Осы бөлімнің басшысы өзінің қарамағындағы бас маманмен сөз байласып, Covid-19 коронавирус инфекциямен күрес бойынша дағдарысқа қарсы шаралар кезінде адамдар көп жиналатын іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге тыйым салынғанына қарамастан, қала рестораторлары мен жаппай сауда өкілдерінен оларға қатысты әкімшілік шаралар қабылдамау үшін жүйелі негізде 20 мыңнан 270 мың теңгеге дейін пара алған» делінген хабарламада.
Сондай-ақ, жоғарыда аталған параны берген мейрамханалардың 5 әкімшісі қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Лауазымды адамдар уақытша ұстау изоляторына қамалып, бұлтартпау шарасын таңдау туралы мәселе шешіліп жатыр. Тергеу жалғасуда.
ҚПК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіне сай басқа да мәліметтер жария етілмеген.