Нидерланд инвесторлары Қазақстанда агрожобаны жүзеге асыруға дайын

Жарияланды
Зиянкестермен күресудің жолдары қарастырылды

Қазақстанда тыңайтқыштар өндіру жөніндегі жобаны іске асыру перспективалары «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ ұйымдастырған «KOPPERT Biological Systems» және «Dutch Greenhouse Delta» нидерланд компанияларының басшыларының Қазақстанға сапары барысында талқыланды. 

KAZAKH INVEST өкілдерімен кездесуде «KOPPERT Biological Systems» компаниясының Бас директоры Генри Остук жобаны іске асыру зиянкестермен кешенді күресу үшін органикалық өнімдер мен қызметтерді өндірудің толық бағдарламасын көздейтінін атап өтті. Оның айтуынша, жоба пестицидтер мен химиялық тыңайтқыштарды қолдануды азайтуға және топырақ пен өсімдіктердің табиғи иммунитетін қалпына келтіруге мүмкіндік беретін жабысқақ тұзақтар мен феромон тұзақтары сияқты биологиялық өнімдерді өндіруді қарастырады. 

Айта кету керек, бүгінгі таңда «KOPPERT Biological Systems» өсімдіктерді биологиялық қорғау нарығында жетекші орын алады. Компанияның өнімдері әлемнің 100-ден астам елінде сәтті қолданысқа ие.  

Сонымен қатар, нидерланд делегаттарының жұмыс сапары аясында «Дала күні» іс-шарасы ұйымдастырылды, оның барысында инвесторлар «Армавирский» ЖШС демонстрациялық алаңына барды. Іс-шарада ауыл шаруашылығына арналған тұрақты технологиялар және ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігі мен сапасын арттыру үшін оларды қорғаудың біріктірілген жүйесі таныстырылды.  

Сонымен қатар, сапар аясында Нидерландыдан келген делегаттар ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігімен, «Астана» халықаралық қаржы орталығымен және «QazIndustry»АҚ-мен кездесулер өткізді. 

Нидерландф Қазақстанның Еуропалық Одақтағы басты серіктестерінің бірі болып табылады және ҚР экономикасына инвестициялар көлемі бойынша бірінші орын алады және сауда серіктестері арасында жетекші орынға ие. Ағымдағы жылдың маусым айында «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ 15-ке жуық Нидерландық компаниялардың қатысуымен Қазақстан-нидерланды дөңгелек үстелін ұйымдастырды, онда Қазақстан Республикасында жаңа инвестициялық жобаларды іске асыру бойынша бірқатар коммерциялық құжаттарға қол қойылды. 

 

 

 

Сондай-ақ оқыңыз