Ресурстар

Қызылорда облысында қараусыз жүрген мал иелеріне айыппұл салынды

Үй жануарлары бау-бақша мен көліктерге зиян келтіруде

Қызылорда облысында 10-ға жуық қараусыз жүрген мал иесіне айыппұл салынды, – деп хабарлайды Polisia.kz сайты.

 Қызылорда қаласы Ақсуат елді-мекенінің әр бұрышында үй жануарларының көше кезіп, жайылып жүру оқиғалары жиі орын алуда. Бұған ауыл тұрғындарынан келіп түскен арыздар да дәлел бола алады.

Олар күннен күнге ажары кіріп, гүлденіп келе жатқан ауылдың жасыл желегіне, ауыл тұрғындарының бау-бақшаларына едәуір зиян келтіруде. Сонымен қатар ауылдық округтегі көлік қозғалысына кедергі келтіріп жүргені де белгілі. 

Қызылорда қалалық Полиция басқармасының учаскелік полиция инспекторлары ауыл тұрғындарымен түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, әңгімелесуде. Малдарын қараусыз қалдырмау, көршілерінің қораларына кіріп, бау-бақшаларына зиян келтірген төрт түлік малды бақташыға бақтыру жөніндегі ұйымдастыру жұмыстарын жүргізді. Бүгінгі күнге дейін Ақсуат ауылдық округінің орталық көшелерінде 10-ға жуық қараусыз жүрген малдардың иелеріне айыппұл салынды.

Осы бағыттағы жұмыстар одан əрі жалғасын табатын болады. Айта кетейік, жыл басынан бері қалада мал ұрлығы бойынша 20 дерек тіркелсе, малдардың жол-көлік оқиғасына қатыстылығымен алты дерек орын алған.