Мыңдаған қазақстандықтар жүргізуші куәлігінен өмір бойына айырылды. Бұл жыл басындағы статистикалық мәліметтер. Бұл туралы ІІМ Әкімшілік полиция комитетінде айтылды, деп хабарлайды «Хабар 24» сайты.
Біздің елде мұндай жаза мас күйінде көлік жүргізгені үшін қарастырылған. Осы жылдың 7 айында ғана 12 мың адам жүргізуші куәлігінен айырылды.
Өткен жылмен салыстырғанда заң бұзушылық саны 60%-ға өсті. Атап айтқанда, белгілерге қойылатын талаптар және тұраққа қою ережелерін бұзу саны екі есеге жуық өсті.