Vero Cell вакцинасы бойынша
Белсенділігі жойылған (Sinopharm) COVID-19-ға қарсы (Vero Cell) вакцина – SARS-CoV-2, 19nCoV-CDC-Tan-HB02, штамынан жасалған, ол кейіннен сұйық вакцина қалыптастыра отырып, алюминий гидроксидінен адъювантпен адсорбциялау арқылы өсірінді алу және жинақтау, β-пропиолактонмен белсенділігін жою, концентрациялау және тазарту үшін Vero жасушаларына егіледі. Вакцинада антибиотиктер мен консерванттар жоқ.
Вакцина 18 жастан асқан ересектерге арналған.
Вакцинациялау кестесі: енгізу арасындағы 21-28 күн аралықпен екі доза, әр доза 0,5 мл. құрайды.
Ұсынылатын енгізу жолы – бұлшықетке, көбінесе иықтың дельта тәрізді бұлшықетіне. Тамыр ішіне енгізуге қатаң тыйым салынады.
Вакцинаны енгізуге қарсы көрсетілімдер:
вакцинаның кез-келген компонентіне (оның ішінде қосымша заттарға) аллергия;
вакцинаға аллергиялық реакциялар (жедел аллергиялық реакция, ангионевроздық ісіну, ентігу);
бақыланбайтын эпилепсия немесе жүйке жүйесінің басқа да үдемелі аурулары, сондай-ақ анамнезінде Гийен-Барре синдромының болуы;
жүктілік және лактация кезеңі;
18 жасқа дейін жас ерекшелік.