Мемлекеттік білім гранты иегерлері жоғары оқу орындарына қабылдану үшін құжаттарын 25 тамызға дейін тапсыруы тиіс. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігінің ресми Telegram-каналы хабарлады.
Ол үшін е.Gov.kz «электрондық үкімет» порталы арқылы өтінім беру қажет. Қызмет түрі 2021 жылдың 17 тамызынан бастап қолжетімді болады.
Жоғары оқу орындарына ақылы негізде қабылдану үшін жоо-лардың виртуалдық қабылдау комиссияларына жүгіну қажет. Тізім ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығының сайтында орналастырылған.