Ресурстар

Таразда жылу ақысы 15%-ке арзандайды

«Тараз энерго орталығы» бір жыл бойы жылу бағасын заңсыз көтеріп келгені анықталды

Тараз қаласында жылу ақысы  арзандайды, деп хабарлайды «Хабар 24» сайты. 

Жылу ақысының 15%-ке арзандайтындығы туралы Қаржы ұйымдарын қадағалау агенттігі хабарлады.

Агенттік арнайы тексеріс ұйымдастырып, «Тараз энерго орталығы» бір жыл бойы жылу бағасын заңсыз көтеріп келгенін анықтаған.

Тұрғындарға берілетін жылу құнын екі есеге көтерген. Кәсіпкерлерге  жылу ақысын 3,5 есе қымбатқа ұсынған. Сөйтіп, 600 млн теңге пайда тапты. Агенттік қызметкерлері осыны есепке алып, Жамбыл өңіріндегі жылу бағасын 15%-ке арзандатып отыр. Тариф 85 теңгеден 72 теңгеге түсті.

 Бағаны негізсіз көтергендердің ісі әлі қаралып жатыр.