Колледждерге академиялық еркіндік берілді. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігінің ресмиTelegram каналы хабарлады.
Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі неғұрлым икемді және білім алушылардың ең талап етілетін құзыреттерін қалыптастыруға бағдарланған болады. Қазақстандық колледждерге академиялық дербестік берілді. Енді олардың өздері жұмыс берушілермен бірлесіп, білім беру бағдарламаларының мазмұны мен оқу мерзімдерін айқындайтын болады.
Білім беру бағдарламалары студенттерге қажетті біліктіліктерді алуға және қысқа мерзімде жұмысқа орналасуға, ал қажет болған жағдайда қосымша басқа біліктіліктерді алуға мүмкіндік береді. Бұл шаралар өндірістегі технологиялық өзгерістерге және еңбек нарығының сұраныстарына бейімделуге мүмкіндік береді. Осылайша, колледждер жұмыс берушілердің талаптарына сәйкес келетін мамандарды даярлайтын болады.
Бұдан басқа, енді дуалдық форматтағы оқу мерзімі студенттердің еңбек өтілі болып есептелетін болады. Бұл колледж түлектеріне жұмыс тәжірибесімен жұмысқа орналасуға мүмкіндік береді.