Ресурстар

Жыл басынан бері 16,9 мыңнан астам жұмыскердің құқығы қорғалды

Оларға 3,8 млрд теңге төленді

Ағымдағы жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша Мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 632 кәсіпорнында 17,7 мың жұмыскердің алдында 3,9 млрд теңгеден астам сомаға жалақы бойынша берешекті анықтады.Бұл туралы ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің Telegram каналы хабарлады.

Осы кәсіпорындардың басшыларына орындалуы міндетті 675 нұсқама беріліп, 77,4 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.

Қабылданған шаралар, соның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеу нәтижесінде 16,9 мыңнан астам жұмыскердің құқықтары қорғалды. Оларға 3,8 млрд теңге төленді.