Президент ең төменгі жалақыны көтеруді тапсырды

Жарияланды
Ең төменгі жалақыны 42 500-ден 60 мың теңгеге дейін көтеруді тапсырды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі ең төменгі жалақыны көтеруді тапсырды. Бұл туралы ол Қазақстан халқына жолдауында айтты.

  «Ең төменгі жалақы мөлшері 2018 жылдан бері өскен жоқ. Дүниежүзілік коронавирус пандемиясына байланысты дағдарыс халық табысына қысымды арттырды. Сонымен қатар, ең төменгі жалақы бойынша Қазақстан ТМД-дағы бірқатар елден төмен. Сондықтан, 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақыны 42 500-ден 60 мың теңгеге дейін көтеруді тапсырамын», – деді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында.
 

Сондай-ақ оқыңыз