Міндетті таңбалау. Әр аяқ киім туралы мәліметті ұлттық тауар тізбесіне енгізу қажет

Жарияланды
1 қарашадан міндетті цифрлық таңбалау енгізіледі

2021 жылдың 1 қарашасынан Қазақстанда аяқ киімді міндетті цифрлық таңбалау енгізіледі. Өндірушілер мен импорттаушылар аяқ киім сату үшін оны таңбалауы қажет.Таңбалау кодын алу үшін әр аяқ киім туралы мәліметті www.markirovka.kz сайтындағы каторчкаға енгізу қажет. Бұл карточкада толтырылған мәліметтер таңбаланатын тауарлар тізбесінде көрініп тұрады, деп хабарлайды Цифрлық экономиканы дамыту орталығы. 

Ал таңбалау коды тауардың өндірушіден немесе импорттаушыдан соңғы тұтынушыға дейінгі жолын қадағалауға мүмкіндік береді. Тұтынушын өнімнің түпнұсқа ма, емес пе екенін Naqty Onim мобильді қосымшасы арқылы тексере алады.

Әр аяқ киім өзіндік цифрлық коды болады, бұл қолдан жасалған, жалған тауардан қорғап, нарықты контрафакт пен контрабандадан тазартады. Data Matrix кодына енгізілген ақпаратты қолдан жасау, өзгерту мүмкін емес.

Бірегей таңбалаудың коды ТҰК-да тауардың барлық сипаттамалары көрсетілген карточканы толтырғаннан кейін ғана беріледі. 

Тауар картасын толтырудың бес қадамы:

  • ЭЦҚ-ны онлайн алу;
  • NCALayer бағдарламасын мына сілтеме бойынша жүктеп алу – https://pki.gov.kz/ncalayer/  және оны компьютерге орнату.
  • markirovka.kz таңбалау жүйесіне тіркелу;
  • «Тауарлардың Ұлттық каталогы» бөлімінде «Тауар карточкасы» бөліміне өтіп, өнім туралы негізгі мәліметтерді енгізу қажет: моделі, шығарылған елі, аяқ киім түрі, материалының түрі, бренді, түсі және басқа да ақпарат;
  • Аяқ киімнің бір фотосуретті жүктеу.

«Егер өндіруші немесе импорттаушы осы өнім моделі туралы деректерді енгізген болса, ақпаратты қайта енгізудің қажеті жоқ. Айналымның әр қатысушысының жеке сандық тауарлар каталогы жасалады» делінген хабарламада. 

Сондай-ақ, барлық процестерді, соның ішінде Data Matrix кодтарын алдын-ала дайындауға болатын сынақ ортасы бар. Осылайша тапсырыс берілген кодтар да сынақ кодтары болады. Тест-нұсқасын https://stage.ismet.kz/ сілтемесі бойынша көруге болады. 
 

Сондай-ақ оқыңыз